Сақ болыңыз, кене қаптады!
Күн жылынып, көктем шыққалы кене көбейді. Осының өзінде Алматыда 186 жанды жәндік шағып, зардап шекті. Оның 89-ы — бала.
Айтайық, әсіресе ауылдық аймақтағы тұрғындарға қауіп көп. Кене шаққандардың 60 пайыздан астамы Алматы облысында тұрады. Барлығына шұғыл медициналық көмек көрсетілді.
Сол секілді өзге де аймақтарда да бұл мәселе өте өзекті. Мамандар сақ болуға шақырып, қалың шөп, орман, тоғайлардан тысқары болуға шақырады.
/сурет ашық дереккөзден алынды