Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы қызметкері аса ірі көлемде қаржы ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл жайлы Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің экс-директоры Бауыржан Айымбетов пен экс-депутат Бекет Әбішев жалған субсидия рәсімдеп, 1,5 млрд теңге қаржыны қолды қылған.

Олар бұл әрекетті  2018-2022 жылдары аралығында Жамбыл және Түркістан облыстарында жүзеге асырған. Ондағы 29 шаруа қожалығының атынан қаржы алып келген.

Күдіктілер   екі айға қамауға алынды.  Тергеу жалғасып жатыр.

/сурет ашық дереккөзден алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *