Елде көзі тірі 120 Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Сондай-ақ жеңіске үлес қосқан 42 545 азамат тұрады.   Бұл жайлы Еңбек министрлігі мәлімдеді.

/Сурет ашық дереккөзден алынды

  • Соғыс ардагері – 120 адам
  • Жеңіске үлес қосқан – 42 545 азамат
  • Қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 67 адам
  • Концлагерьдің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары – 139 адам
  • Соғыс кезінде жараланған, контузия, зақымдану немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар қайтыс болған адамның жұбайлары – 743 адам
  • Соғыста қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлері – 2 адам
  • Тыл еңбеккерлері – 41 594 адам, — делінген хабарламада.

Айтайық, биыл Ұлы жеңіске 80 жыл толады. Мерейлі мереке аясында ардагерлерге 5 млн теңге сыйақы беру жоспарланып отыр.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *