Қызылордада «AMANAT» партиясы және «Жастар рухы» жастар қанаты өкілдері Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында «Тағзым» алаңына тазалық жұмыстарын жүргізді. Олар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштерді жуып, саябақ ішін арам шөптермен қоқыстан тазартты.

«AMANAT» партиясы мүшелері әр бейсенбі сайын «Таза бейсенбі» акциясы және әр сенбіде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жалпы облыстық сенбілікке қатысып, өңірдің тазалығына өз үлесін қосып келеді. Бүгін Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында арнайы «Тазым» алаңына тазалық жүргізіп отырмыз. Мақсат кейінгі ұрпаққа майдангерлеріміздің ерлігін ұлықтау, ұрпақ мұрасын күтіп ұстау, құрметтеуге дәріптеу»,- дейді партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов.

Атап өтейік,  майдан даласына Қызылорда өңірінен 150 мың адам аттанса, олардың 60 мыңы ғана елге оралды. Бүгінде өңірде көзі тірі екі ардагер ғана бар.

#AMANAT

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *