2024 жылы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы артты. Бұл жайлы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады.

2024 жылы Қазақстан Республикасы халқының туғандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,44 жасты құрады, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 75,09 жыл деңгейінде болған.

Ал қалалықтар ауылдықтарға қарағанда ұзақ өмір сүреді.  Сәйкесінше 76,14 және 74,26 жас.

Гендерлік тұрғыдан алғанда, 2024 жылы әйелдердің күтілетін өмір сүру ұзақтығы 79,42 жас (2023 ж. – 79,06), ерлер арасында 71,33 жасты (2023 ж. – 70,99 жас) құраған.

Туған кезде күтілетін ең жоғары өмір сүру ұзақтығы Алматыда тіркелген – 78,78 жас, ең төмені Ұлытау облысында – 72,48 жас.

Туғандағы күтілетін өмір сүрү ұзақтығы – бұл белгілі бір жылы туылған адамның орташа өмір сүру ұзақтығын көрсететін статистикалық көрсеткіш, бұл ретте ұрпақтың бүкіл өміріндегі өлім-жітім деңгейі осы көрсеткіш есептелген жыл деңгейінде өзгеріссіз қалу шарты бар.

/сурет ашық дереккөздерден алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *