Мыңдаған америкалық президент Дональд Трамп саясатына қарсы шеруге шықты. Бұл жайлы «24KZ» телеарнасы хабарлады. 

Наразылық шаралары елдің ірі қалалары — Вашингтон, Нью-Йорк, Чикаго, Сан-Франциско мен Лос-Анджелесті қамтыған. Ереуілшілер Ақ үй басшысы бір өзі билеп-төстеп отыр және заңсыз мигранттарды сот жүргізу ісінсіз елден қуып жатыр деп айыптайды.

«Рейтер» тұрғындардың жаппай бас көтеруіне федералдық қызметкерлердің жұмыстан қуылуы, тұтас агенттіктердің жабылуы және қарттарға зейнетақы, мүгедектігі бар азаматтарға жәрдемақы төлейтін Әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерін қысқарту да себеп болып отыр.

/сурет ашық дереккөзден алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *