«Батырларға тағзым» онлайн-порталы іске қосылды
Қазақстанда ҰОС батырларына арналған «Батырларға тағзым» онлайн-порталы іске қосылды. Жаңа жоба Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында қолданысқа қосылды.
Жоба 677 мыңнан астам ардагер туралы мәліметті қамтиды және олардың ерлігін болашақ ұрпаққа жеткізуді мақсат етеді.
Пайдаланушылар порталға өз туыстары жайлы ақпарат қосып, жаңалықтармен таныса алады.