Шетелде қандай отандық өнімге сұраныс көп?
Шетелде қандай отандық өнімге сұраныс көп? Бұл туралы ҚР СИМ Экспортты ілгерілету департаментінің директоры Бауыржан Болғанисовтің айтты, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.
Оның сөзінше, қазіргі уақытта еліміз отандық өнімді шетелде ілгерілету үшін электрондық алаңдарды белсенді пайдаланады. Атап айтқанда, Азиядағы ең ірі B2C алаңдарының бірі Қытайдың JD.com платформасында 14 қазақстандық кәсіпорын ұсынылған. Сонымен қатар, Еуропа елдерінің, БАӘ-нің қосымшаларымен өзара іс-қимыл мәселелері пысықталуда.
«Былтыр JD.com-да 44 өнім түрі болды. Онда көбінесе тәттілер, май, ұн сатылды. Шамамен 1 миллион 400 мың юаньға сауда жасадық. Қазір бұл жұмыс белсенді түрде жалғасуда», дейді қосымша «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығының бас директоры Айтмұхамед Алдажаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.