Төрт айдың төңірегінде 3,5 тонна есірткі заттары тәркіленді. Бұл жайлы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Тыйым салынған тауар түрлерін анықтаумен қатар, есірткі айналым да қарқын алып келеді. 

Төрт айда үш мыңға жуық есірткі құқық бұзушылығы анықталды. Оның ішінде 828 сату фактісі бар. Заңсыз айналымнан шамамен 3,5 тонна есірткі тәркіленді: 259 кг синтетика, екі тоннаға жуық марихуана, 303 кг гашиш. 83 есірткі зертханасы жойылды. Алты тоннаға жуық прекурсор тәркіленді. 20 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Заңсыз контенті бар 11 мыңнан астам сайт, сондай-ақ 1 млрд теңгеден астам сомаға 12 мың банк картасы мен шот бұғатталды. 1783 адам ұсталды, оның 669-ы қамауға алынды, — деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.

/сурет ашық дереккөзден алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *