Елімізде тағы да күн суытады
Қазгидромет 22, 23, 24 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Мамандардың мәліметінше Қазақстанның басым бөлігіне ықпал етеді, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Ал 24 мамырда солтүстік антициклон ел аумағына ығыса бастайды. Жаңбыр әлі де жауатынына қарамастан, антициклон әсерінен ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Бұл құбылыс, әсіресе, солтүстік өңірлерде байқалады.
«Түнгі уақытта термометр бағандары 3-8 градус жылыға, ал күндізгі уақытта 10-15 градус жылыға дейін төмендейді», деп жазылған хабарламада.
Фото ашық дереккөзден.