Қазақстанда сотталғандарға рақымшылық жасалмақ: Тізімге кімдер ілігеді?
Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутат Снежанна Имашеваның мәлімдеуінше, заң жобасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты гуманизм қағидаты негізінде қылмыстық саясатты ізгілендіру мақсатында әзірленген.
Заң жобасында азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар жасағаны үшін сотталғандарды, соның ішінде азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын, кәмелетке толмағандарды, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерді, сондай-ақ жүкті әйелдерді, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерді, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдарды, зейнеткерлерді, мүгедектерді және басқаларды босату ұсынылады», деді Имашева Мәжілістің жалпы отырысында.
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті осы заң жобасына қорытынды әзірлейді.
Фото: Pixabay.com