Ақтөбе гарнизоны XI «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысушыларды қабылдайды, деп хабарлады Elordainfo.kz Қорғаныс миистрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 22-28 маусым аралығында өтетін іс-шараға Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан мыңнан астам жасөспірім қатысады. Қытай делегациясы байқаушы ретінде қатыспақ.

Салтанатты ашылу рәсімі Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының «Айбын» оқу орталығында өтеді. Мұнда 50-ден астам команданы орналастыруға арналған шатырлы қалашық, медициналық пункт, асхана және спорт алаңдары дайындалған.

Шара барысында жастар армия өмірінің атмосферасына еніп, әскери-қолданбалы жарыстар, Smart Sarbaz робототехника сайысы, зияткерлік және шығармашылық байқауларда бақ сынайды. Сонымен қатар, олар үшін бірлескен жорықтар, экскурсиялар мен алау жанындағы кештер ұйымдастырылады.

Қорғаныс министрлігі ұйымдастырып отырған бұл жиын – патриоттық рухты күшейтіп, жас ұрпақты ел қорғауға баулуға бағытталған маңызды бастама.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *