Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «БиЭнКей коммерциялық банкі» АҚ-на банк операцияларын жүргізуге лицензия берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Шетелдік банктің ашылуы Президенттің 2023 жылғы қыркүйекте Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында жарияланған елге сенімді шетелдік банктерді тарту және банк секторындағы бәсекелестікті арттыру жөніндегі тапсырмасын орындауға сәйкес келеді. Бұл Қазақстанда 2010 жылдан бері берілген алғашқы банк лицензиясы.

«БиЭнКей банкі» әмбебап цифрлық қызметтерді дамытуға, шағын және орта бизнесті несиелендіруге және автонесие беруге бағытталған. Қайта құру кезінде ұйымның активтері 25,8 млрд теңгені, ал несиелік портфелі 21,8 млрд теңгені құрады»,- делінген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарламасында.

2024 жылдың қорытындысы бойынша ұйым актив көлемі бойынша микроқаржы ұйымдары арасында 15-ші орынға ие болды.

Фото: Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *