Орта салмақта абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альвареске қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізу ұсынылды, деп жазады Orda.kz

Boxingnews24.com порталының жазуынша, жанкүйерлер Канелоның мықтылығын дәлелдейтін шынайы жекпе-жектің өткенін күтеді. Көпшілік оны Дэвид Бенавидеспен кездеседі деп үміттенгенімен, мексикалық боксшы жеңіл қарсыластарды таңдауы мүмкін деген болжам бар.

«Егер Канело Бенавидеспен кездесуге батылы жетпесе, онда ол міндетті түрде Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуы керек. Дегенмен Альварес бұл ұсынысты қабылдай қоймауы да мүмкін. Өйткені Жәнібек — қауіпті қарсылас. Ол жас, тәжірибелі және жылдам. Бұл Канело үшін оңай шайқас болмайды» деп жазады портал.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы қазіргі таңда орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын ұстап тұрған спортшы. Ал Канело болса бұған дейін әлемге танымал қазақстандық Геннадий Головкинді жеңген еді.

Фото: Ашық дереккөздерден

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *