Израильдің Иранға шабуылынан жүздеген тұрғын қаза тапты
13 маусымынан бастап Израильдің Иранға жасаған шабуылдары салдарынан 627 адам қаза тапты. Бұл туралы Иранның мемлекеттік телеарнасы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қаза тапқандардың қатарында 49 әйел мен 13 бала бар. Ең жас құрбан – екі айлық нәресте. Сонымен қатар, Израиль әскерінің шабуылдары кезінде Иранның әртүрлі қалаларында 7 аурухана мен 11 жедел жәрдем көлігіне тікелей соққы жасалған. Медициналық көмек көрсетіп жүрген 5 қызметкер де опат болған.
Сондай-ақ, шабуыл салдарынан 9 журналист қаза тапқаны белгілі болды. Олардың қатарында Иран Қарулы күштері Бас штабы басшысының қызы Фереште Багери, сондай-ақ Ихсан Закири, Али Техмасеби, Моин Незери, Рамазан Али Чубдари, Эмир Хоссейн Тавуси, Мохаммад Джавад Элвенди, Масуме Азими және Нима Раджабпур бар.
Масуме Азими мен Нима Раджабпур 16 маусымда Израиль әуе күштерінің Иранның радио және телехабар тарату корпорациясына (IRIB) жасаған әуе соққысы кезінде көз жұмды.
Фото: Ашық дереккөзден