Биыл Қызылорда қаласының ел астанасы болғанына 100 жыл толып отыр. Айтулы мерекеге орай, облыс көлемінде ауқымды шаралар ұйымдастырылуда, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Бірнеше күннен бері мереке аясында Қызылорда қаласында «Тарихтың таңбасы – рухтың ордасы – Қызылордам»облыстық өнер байқауы өтуде. Бұған дейін облыс орталығында Жаңақорған, Жалағаш, Шиелі аудандарының өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынса, кеше Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтары қазалылық өнерпаздардың өнер кешін тамашалады.

Қазалылық өнерпаздардың мерекелік өнер кешін аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов сөз сөйлеп ашып, өнерпаздарға сәттілік тіледі.

Өнер байқауында ән әлемінің падишасы атанған Роза Бағланова, Мәдина Ералиева мен Кеңес Дүйсекеев шыққан киелі өнер қонған өңірдің өнерпаздары қызылордалықтарға ерекше мерекелік кеш сыйлады.

Өнер кешінде орталық алаңда қазалылық қолөнершілердің арнайы көрмесі де ұйымдастырылып, онда Қазалы да жасалатын өнімдер де қойылды.

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Басты жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *