Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында Сібір жарасы және оның алдын алу шаралары туралы айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Министр БАҚ өкілдерінің «Eлімізде малдың сібір жарасын жұқтыруының қанша дерегі тіркелді?», «Ет базарларында ауру малдың еті сатылмас үшін қандай шаралар қабылданып жатыр?» деген сауалдарына  жауап берді.

«Шынында да осындай жағдай болды. Ақмола облысы Атбасар ауданында ауылдан 7 км жерде екі ауылдың малы жайылып, бірінші кезеңінде 7-уі, сосын 3-уі, барлығы 10 шақты мал сібір жарасын жұқтырған. Себебі сол жерде сібір жарасына шалдыққан малдардың өлекселері көмілген болатын. Ауру жұқтырған мал түгел өртелді. Құқық қорғау органдарымен бірге жұмыс жасадық. Сол жерге сақтандыру мақсатымен шлагбоум қойып, қоршауға алдық,  зарарсыздандыру жасап, карантин жарияладық»,  деді ол.

Айдарбек Сапаров ауру малдың еті болған жағдайда да қалаға кіргізілмей, кері қайтарылатынын айтты.

Оның айтуынша, мұндай жарамсыз ет уақытында анықталып, ұстиалған. Бүкіл ет сататын мал базарларынан сынамалар алынып, зертханаға өткізілген. Нәтижесінде ауру анықталмаған.

«Ауру табылған мал есепке тұрмаған болатын, вакцина алмаған. Сондықтан малдың иелеріне бұлай малды ұстауға болмайтынын ескертеміз. Бұзау туды ма, құлағына «бирка» ілу керек. Бұл үшін бізде автоматтандырылған база жұмыс істеп тұр. Кейбіреуі соны керек қылмайды. Қазір тапсырма берілді. Үй сайын аралап, жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. «Бирка» тақпағаны үшін жауапкершілікее тартып, штраф жасаймыз. Сонымен қатар ветеринарларға да талап қойылады», деді А. Сапаров.

Фото: Үкімет

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Елеулі есім

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *