Қазақстанның халық жазушысы Исраил Сапарбай қайтыс болды
Қазақстанның халық жазушысы, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, аса көрнекті ұлт ақыны, белгілі драматург, талантты сазгер Исраил Сапарбай қайтыс болды.
Марқұм биыл 84 жаста еді.
Қаралы хабарды Қазақстан жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов хабарлады.