Қарыздан қалай тезірек құтылуға болады: алғашқы қадамдар
Байлық пен ертеңгі күнге деген сенімділік бос қиял емес, жүйелі әрекеттердің нәтижесі. Сондай-ақ қаржылық тұрақтылыққа жету үшін тек жоғары табыс тауып қана қоймай, оны дұрыс басқара білу де аса маңызды.
Қаржылық тәуелсіздік деген не?
Қаржылық тәуелсіздік – ол бүгін мен ертеңге сенімді болу. «Бүгін мына затты сатып алсам, ертең қаржыдан қысылып қаламын» деп қорықпай, қаржысын бақылауда ұстап, күтпеген шығындарға төтеп беріп және өзі қалағандай өмір сүру. Ол бірнеше маңызды бөліктен тұрады: Тұрақты табыс, шығындарды бақылау, қаржылық қор, инвестициялар мен жинақтар, тұрақты қаржылық уайымның болмауы.
Ал оған жету үшін мына 5 қадамды жасау керек.
Бюджетті жоспарлау. Ақшаңызды есептеп жүріңіз. Себебі ақша есепті жақсы көреді. Табысыңыз бен шығыныңызды жүйелі түрде қадағалаңыз. Бұл қаражаттың қайда кетіп жатқанын түсінуге және үнемдеуге көмектеседі.
Қаржылық тәртіп. Импульсивті сатып алулардан бас тартыңыз, әсіресе ірі шығындарда. Бағаларды салыстырып, ойланып сатып алыңыз.
Резервтік қор қалыптастыру. 3–6 ай өмір сүруге жететін «қауіпсіздік қорын» жасаңыз. Бұл табыс жоғалғанда немесе күтпеген шығындар туындағанда сабыр сақтауға мүмкіндік береді.
Болашаққа инвестиция салу. Инвестиция – қаржылық тұрақтылықтың тіректерінің бірі. Кішкентай болса да, тұрақты инвестициялар уақыт өте елеулі табыс әкеледі. Бірақ әр «интернеттегі кеңесшіге» сене бермей, тек сенімді қаржы маманына жүгініңіз.
Қаржылық білім алу. Кітап оқып, бейнематериал көріп, курстардан өтіп, қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз. Білім – байлықтың басты құралы.
Қарыздан құтылып, қалыпты өмір сүру бір күннің ішінде орындала салмайды. Ол күнделікті дағдымен қалыптасады. Тек соған жету үшін нақты мақсат керек. Ең бастысы – бастау және ұсыныстарды тұрақты орындау.
Фото: ЖИ