Түркістанда бес немеренің әжесі үшемді дүниеге әкелді
Түркістан облысында бес немеренің әжесі 43 жастағы Орынкүл Нұрабаева бірден үшем босанды, деп хабарлайды Orda.kz.
Дәрігерлердің айтуынша, сәбилер жүктіліктің 35-аптасында жоспарлы кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. Нәрестелердің салмағы – 2265, 2435 және 2450 грамм. Қазір анасы мен сәбилердің жағдайлары тұрақты , олар үйде дәрігерлердің бақылауында екен.
Нұрабаеваның отбасында қазір 11 бала бар. Үлкен қызының жасы – 26-да, ал алдыңғы кенжесі – төрт жаста. Бұдан бөлек, әйел қазірдің өзінде бес немеренің әжесі. Тамыз айында туған ұлдарға Аслан, Әлихан және Әлинұр есімдері берілді.
Жыл басынан бері Орынкүл босанған №1 перинаталдық орталықта 4050 сәби дүниеге келген. Олардың ішінде 72 жұп егіз бар.