Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен Еуропада бейбіт реттеу мәселесі бойынша кездесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі DW-ға сілтеме жасап.

Кездесуге ықтимал елдер ретінде Зеленский Австрияны, Швейцарияны және Түркияны атады. Ал Мәскеуде кездесу өткізу мүмкін емес деп санайды.

Біздің ойымызша, әділ болатын жер – бейтарап Еуропа. Мұны еуропалықтар да атап өтті. Швейцария, Австрия – біз келісеміз. Түркия? Түркия біз үшін НАТО елдерінің бірі әрі Еуропаның бір бөлігі. Біз қарсы емеспіз, – деді Зеленский.

Оның айтуынша, Будапешт те келіссөздер алаңы ретінде жарамайды. Себебі Венгрия соғыс кезінде Украинаны қолдамаған және елдің ЕО-ға кіруіне қарсы шыққан.

Фото: Ашық дереккөзден

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *