«Баланы мектепке дайындайық!» акциясы аясында Қызылордада балаларға оқу құралдары табысталды
Қызылорда облысында жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік қолдауға бағытталған игі бастамалар өз жалғасын табуда. Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов партияның қалалық филиалында ата-аналар және балалармен арнайы кездесу өткізді.
Кездесу «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Баланы мектепке дайындайық!» акциясына арналды. Шара барысында 22 балаға мектепке қажетті оқу құралдары табысталды.
Бұл игі іс облыс көлемінде кеңінен қолдау тауып келеді. Акция басталған сәттен бері аймақта 524 отбасының 700-ден аса баласы оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Алдағы уақытта, яғни тамыз айының соңына дейін облыс бойынша 2000-ға жуық баланы қамту жоспарланып отыр.
«Баланы мектепке дайындайық!» республикалық акциясы 2010-шы жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Оның негізгі мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде қолдау көрсету. Осындай шаралар арқылы «AMANAT» партиясы қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға, жас ұрпақтың білімге деген ынтасын қолдауға үлес қосып келеді», -деді кездесу барасында партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмханаов.