Бүгін ҚР Конституциясына 30 жылдығына орай, Астана қаласының спортты дамыту дирекциясы мен «AMANAT» партиясы Астана қаласы Сарыарқа аудандық филиалының бірлесе ұйымдастыруымен «Азат елдің ар-намысы – Ата заң» атты салтанатты шара өтті.

 

Келелі жиынға Астана қаласының спортты дамыту дирекциясының басшысы О. Акимов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Керімбек, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «АЛЖИР» мұражайының директоры Д. Кәпұлы, «AMANAT» партиясы Астана қаласы Сарыарқа аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Т.Тілес және жас спортшылар, жаттықтырушылар қатысты.

Салтанатты жиында қатысушылар ҚР Конституциясы туралы, Мемлекет басшысының бастамасымен «Әділетті Қазақстан», «Заң мен тәртіп» қағидасы туралы кеңінен талқыланды.

Салтанатты шара қорытындысымен мереке аясында жас спортшылар, түрлі спорт түрінен әлем, азия чемпиондары марапатталды.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *