Мемлекет басшысы Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директоры Ли Кай Фуды қабылдады,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.

🟦

Кездесу барысында жасанды интеллект, цифрлық трансформация, венчурлық инвестиция, стартаптар экожүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаһандық технологиялық серіктестерді тарту салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

🟦

Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес жұмысына және Digital Bridge 2025 форумы аясындағы іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін Ли Кай Фуға алғыс айтты.

🟦

Президентке қазақстандық тарап пен 01ai компаниясының AlemLLM тілдік моделін бірлесіп іске қосқаны, сондай-ақ жасанды интеллект экожүйесін дамыту мақсатындағы ынтымақтастықтың басқа да перспективті бағыттары жөнінде ақпарат берілді.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *