Мүгедектігі бар такси жүргізушісін мазақ еткен блогер тек кешірім сұрады,- ы. 

Әлеуметтік желіде 65 мың жазылушысы бар блогер Нұрила Аманбаева есту қабілеті нашар такси жүргізушісін видеоға түсіріп, мазақтағаны үшін жұрт сынына ұшырады.

Белгілі болғандай, блогер таксиде баласына шулауға рұқсат беріп, өзі де дауыстап ән айтып, жүргізушінің рұқсатынсыз оны видеоға түсірген.

Желі қолданушылары бұл әрекетті мүгедектігі бар адамды кемсіту деп бағалап, Аманбаеваның қылығын айыптаған.

Нұрила Аманбаева кейін бұл видеоны «әзіл ретінде, шетелдік трендке еліктеп» түсіргенін айтып, көпшіліктен кешірім сұрады.

Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырғаннан кейін блогер полиция бөліміне шақырылды. Алайда ол кінәсін мойындап, тек кешірім сұраумен шектелген.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *