Қазақ актері және сценарист Рүстем Омаров әйгілі Джеки Чанның халықаралық жобасы — «Доспехи Бога: Ультиматум» фильміне қатысатыны белгілі болды.

Бұл — аты аңызға айналған «Доспехи Бога» (Armour of God) экшн-франшизасының жаңа бөлімі. Жаңа фильмде Рүстем Омаров тек актер ретінде ғана емес, сценарист ретінде де жұмыс істейді.

«Бала кезімнен Джеки Чанның фильмдерін көріп өстім. Енді онымен бір жобада жұмыс істеу — мен үшін үлкен мәртебе», – деді Рүстем Омаров.

Бұл жаңалық – қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен жетістік және халықаралық деңгейдегі жаңа мүмкіндіктердің бастауы болып отыр.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *