«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының Жалағаш аудандық филиалында «Ұлттық мұра» жобасы аясында «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» атты қолөнер туындылары байқауы өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты — ұлттық өнерді насихаттап, жас буынды ата-бабамыздан қалған мұраға құрметпен қарауға баулу, шығармашылыққа баулу, өнерге деген ынтасын арттыру.
Байқау басталар алдында қатысушылардың қолынан шыққан туындылардан арнайы көрме ұйымдастырылып, келген қонақтар мен қазылар алқасы туындылармен танысты. Қатысушылар өз қолөнер жұмыстарын түрлі материалдар — мата, киіз, жүн, ағаш, жіп, қағаз, сазбалшық т.б. арқылы жасап, көпшіліктің назарына ұсынды.
Байқау 5 кезең бойынша өтті. Әр кезеңде қатысушылардың шығармашылық шеберлігі, қолданған материалы, ұлттық нақышты жеткізе білуі және жұмысқа деген жауапкершілігі сарапқа салынды.
Нәтижесінде:
Бірінші орын – №246 мектептің мұғалімі Абатұлы Ғалымжан;
Екінші орын – №123 мектеп мұғалімі Ақтау Гүлжайна;
Үшінші орын – №202 мектептен келген Есенова Ботагөз иеленді.
Сондай-ақ «Баба мұрасын жалғастырушы» және «Ұлт рухын ұлықтаған ұстаз» номинациялары бойынша №201 мектеп Жомартов Алтынбай мен №201 мектеп Сейтқасымова Гүлдана арнайы марапаттарға ие болды.
Шара соңында жеңімпаздар мен шараның өтуіне атсалысқан қатысушыларға партияның облыстық және аудандық филиалдары алғыс хаттары табысталып, естелік сыйлықтар берілді.
Бұл байқау — жастарды ұлттық өнерге баулып, мәдени мұрамызды ұлықтауға бағытталған тәрбиелік мәні зор бастама болды.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *