Астана қаласында өтіп жатқан ауыл әкімдерінің диалог-платформасы барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай жастардың ауылға барғысы келмеуінің себептерін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның сөзінше, қазіргі жастардың ауылға барғысы келмеуі көбіне материалдық жағдайға емес, өмір салтына байланысты.

Жастармен кездескенде олар ауылға барғымыз келмейді дейді. Бұл ақшаға қатысты емес, өздері қалада тұрғысы келеді. Біз қолымыздан келгенше қызықтырып, мотивация беріп жатырмыз. «Алдағы уақытта өсесің, ауылдың әкімі боласың, одан кейін аудан әкімі, болашақта министр боласың» деп айтамыз, – деді Дархан Жазықбай.

Агенттік басшысы бұрынғы буын рухани құндылықтарға, тәрбиеге көбірек мән бергенін, қазіргі уақытта бұл бағытты жастарға қайта сіңіру қажет екенін айтты.

Баяғыда біздің кезде тәрбие басқа болды. Біз сендік, рухани құндылығымыз, тәрбиеміз мықты болды. Біз оны қазір ұрпаққа сіңдіруіміз керек. Қазір отбасылық құндылықтар басқа, әркім жеке басын ойлайды. Біз қандай жағдайда да ұрпақпен жұмыс істеуіміз керек, – деді ол.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *