Осы жылдың 14 желтоқсанынан бастап №41/42 Атырау – Алматы бағыты бойынша жүретін пойыздың қозғалыс кестесі күнделікті режимге ауыстырылады, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ ҚТЖ-ға сілтеме жасап. 

Компания мәліметінше, бұл шешім еліміздің батыс және оңтүстік өңірлері арасындағы көлік байланысын күшейтуге, сондай-ақ қысқы кезеңде жолаушылар үшін қолайлықты арттыруға бағытталған.

Пойыз құрамында 15-тен аса жаңартылған купе және плацкарт вагондары бар. Бұл маршрут шамамен 700 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

Фото: ҚТЖ

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *