Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Тelegram арнасында жазды.

«Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының қазан айында өткен алғашқы отырысынан кейін алдағы парламенттік реформаға қатысты ұсыныстар жинақтау ісі басталды. Жұмыс тобының мүшелері және Amanat, Ауыл, Respublica, Ақ жол, ҚХП, ЖСДП саяси партиялары өздерінің тәсілдері мен ұсынымдарын жолдады. Бүгінгі таңда E-otinish және E-gov платформалары арқылы азаматтардан, сарапшылардан, қоғам белсенділерінен 300-ден астам ұсыныс келіп түсті. Кеше Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Болашақ бір палаталы Парламентті қалыптастыруға қатысты мәселелердің бірінші блогы қаралды», — деп жазды Мемлекеттік кеңесші.

Жалпы жиында бір палаталы Парламент құрамындағы депутаттар саны, парламент депутаттарына қойылатын біліктілік талаптары, парламент депутаттарын сайлау тәртібі, жаңа парламенттің өкілеттілік мерзімі,  парламенттегі квоталар (президенттік, партиялық тізім) қаралды.

📌Жұмыс тобының алдағы отырыстарында парламенттік жүйені жаңғыртудың басқа да бағыттары қарастырылмақ.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *