Атаулы әлеуметтік көмек алатындар 30 пайызға азайды
Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты.
Светлана Жақыпова:
халықты жұмыспен қамту шаралары туралы айтты.
Бүгінгі таңда азаматтарды жұмыспен қамту бойынша 2029 жылға дейінгі жоспардың 83 пайызы орындалған.
биылғы 10 айда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 30 пайызға азайғаны жайында ақпарат берді.
Нәтижесінде ресурстарды шын мәнінде мұқтаж жандарға қайта бөлу мүмкіндігі пайда болды. Қазіргі кезде мұндай көмек түрін 285,1 мың адам алды. Бұл мақсатқа 27,1 миллиард теңге жұмсалады.
өндірістік жарақат алу 6,5 пайызға, ал кісі өліміне әкеліп соғатын қайғылы оқиғалар 4,5 пайызға азайғанын мәлімдеді.
биыл базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін ұлғайтылғанын жеткізді.
Министрлік мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған Бірыңғай цифрлық платформа құру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл мұқтаж азаматтарға нақты көмек көрсетуге және қолдау шараларының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Фото ашық дереккөзден алынды
халықты жұмыспен қамту шаралары туралы айтты.











