Мүмкіндігі шектеулі жандарға 424 млрд теңге жәрдемақы берілді
Қазақстанда 542 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алып отыр, — деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, жыл басынан бері бұл мақсатқа 424 млрд теңге бөлінген. Қазіргі таңда жәрдемақының орташа мөлшері 78 283 теңгені құрайды.
Министрлік мәліметінше, биыл 114,5 мың адамға мүгедектігі бар баланы күтуге арналған жәрдемақы тағайындалса, І топтағы мүгедектігі бар адамды күтетін 53,3 мың азамат тиісті төлем алып келеді.
Бұдан бөлек, 99 мыңнан аса адам еңбекке қабілеттілігінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдермен қамтылған.

Фото ашық дереккөзден алынды












