Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен облыс прокуроры Ризабек Ожаров Әйтеке би кентінде салынып жатқан Қазалы көпсалалы орталық аудандық ауруханасының жаңа корпусының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қайта жаңғырту жобасы 42 төсек-орынға арналған қосымша корпустың құрылысын қамтиды.Нысан прокуратура органдары арқылы мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен салынып жатыр. Өңір басшылары құрылыс жұмыстарының сапасын тексеріп, аурухананы заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарымен танысты. Аудандық аурухананың кеңеюі қолданыстағы бөлімшелерге түсетін жүктемені едәуір азайтып, медициналық көмектің жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді», — деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Әлеуметтік нысан осы жылдың басында пайдалануға беріледі. Жобаның жүзеге асырылу барысы Қызылорда облысы прокуратурасының бақылауында.

Фото: видеодан кадр

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *