Президент Қызылордада елдің келешек даму бағдары туралы айтады
Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі — Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram парақшасында жазды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
«Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады», – деп жазды Руслан Желдібай.
Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:
2022 жылы – Ұлытауда;
2023 жылы – Түркістанда;
2024 жылы – Атырауда;
2025 жылы – Бурабайда өтті.
Фото: Ақорда












