Бұл туралы президенттің баспасөз-хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Кейбір шетелдік БАҚ өкілдері бұны альтернативті БҰҰ деп те атайды.

«Иә, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлем көшбасшыларының арасында алғашқылардың бірі болып Бейбітшілік Кеңесінің құрамына кіруге, ал Қазақстанға құрылтайшы мемлекеттердің бірі болуға ресми шақырту алды. Бұған жауап ретінде Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне хат жолдап, шынайы ризашылығын білдірді және осы жаңа бірлестікке кіруге келісімін растады», деп жазды Руслан Желдібай.

Желдібайдың айтуынша, Тоқаев Қазақстанның таяу шығыста берік бейбітшілікке қол жеткізуге, мемлекетаралық сенім мен жаһандық тұрақтылықты нығайтуға қолдан келгенше үлес қосатынын айтты.

Фото: Ақорда

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Басты жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *