Айтыс өнерінің жанашыры, көрнекті қаламгер, ақын және қоғам қайраткері Жүрсін Ерманға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстанның Халық жазушысы» атағы берілді, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марапат ақынның ұлттық әдебиет пен айтыс өнерін дамытуға сіңірген ерен еңбегін бағалау мақсатында тапсырылды. Құрметті атақ салтанатты түрде Жүрсін Ерманның 75 жасқа толған мерейтойында табысталды.

Айта кетейік, бұған дейін Жүрсін Ерман «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болып, Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлығымен екі мәрте марапатталған.

Фото: әлеуметтік желіден

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *