Халықты сапалы ауыз сумен қамту қашан да мемлекет үшін басым бағыттардың бірі болып қала бермек. Бұл бағыттағы жұмыстар  әлі де жалғасын табуда. Қазір «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбыры арқылы Қызылорда облысы Арал және Қазалы аудандарының 160 мыңнан астам тұрғыны бар 65 елді мекені ауыз сумен қамтамасыз етілуде, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Бұл су құбыры 1986 жылы пайдалануға берілген. Жалпы ұзындығы 238,5 шақырымды құрайды. 38 жылдан астам пайдалануда болуына байланысты тозығы жеткен құбыр су қысымына төтеп бере алмай (тозу деңгейі — 80% астам), салдарынан апаттық жағдайлар мен ажыратулар жиі орын алуда.
Осы ретте, мәселені шешу мақсатында құбырдың екінші тармағын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, құрылыс жұмыстары 2025 жылы бастау алды. Жобаның жалпы құны 43,7 млрд. теңгені құрайды. Жоба бойынша 234 шақырым су желілерін салу қаралған.
2025 жылы республикалық бюджеттен 5,5 млрд теңге қаржы бөлініп, қазіргі уақытта 23 шақырым су құбырының құрылысы аяқталды.
Фото: Арал ауданы

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *