Енді төлқұжат пен жүргізуші куәлігін ХҚКО бермейді
Қазақстанда төлқұжат, ЭЦҚ және жүргізуші куәлігін енді халыққа қызмет көрсету орталығы бермейді. Енді азаматтар бұл құжаттарды онлайн ала алады.
Цифрлық даму министрлігі Қазақстандағы бірқатар маңызды мемлекеттік қызметті egov.kz порталы арқылы баламасыз онлайн форматқа көшіру туралы жариялады.
Енді азаматтар қызметтерді толықтай қашықтан, ХҚКО-ға бармай және кезек күтпей ала алады. Цифрландырылған қызметтердің қатарында автосалоннан сатып алынған көлікті алғаш рет тіркеу, тұрғылықты жері бойынша тіркеу және жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын рәсімдеу бар.
Фото: Орда.кз












