Қазақстан жаһандық туризм рейтингінде 52-орынға көтерілді
Қазақстан әлемдік туристік рейтингте өз позициясын нығайтуда.
Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық индексінде Қазақстан 119 елдің ішінен 52-орынға көтерілген, бұрын 66-орынға ие болған. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжанов хабарлады.
Жалпы үздік 50 елдің қатарына кіру – стратегиялық мақсаттардың бірі. Бұл туристерге ыңғайлы болуы мен қауіпсіздігін арттыру, инфрақұрылымды жақсарту және туристік объектілердің қолжетімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетеді, — деді спикер баспасөз конференциясы барысында.
Фото: Алтынбек Хумарзах












