Қызылорда облысындағы Қазалы қалалық мәдениет үйінің жанындағы халық тетарының ұйымдастыруымен жазушы, драматург Қолғанат Мұраттың «Мұғалім» әлеуметтік драмасы көрерменге ұсынылды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Жиылғандарға ерекше кеш сыйлаған қойылымды қала тұрғындарымен бірге Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмаханов та тамашалады.

Туындыда қазіргі қазақ қоғамындағы мұғалімнің мәртебесі, ішкі жан дүниесі мен әлеуметтік қиындықтары терең әрі шынайы бейнеленген. Бұл шығарма – бір ғана мамандық иесінің тағдыры емес, тұтас қоғамның бет-бейнесін көрсететін мазмұнды қойылым. Сахнада мұғалімнің материалдық жағдайы мен рухани биіктігі арасындағы алшақтық, ұстаз еңбегінің қадірі мен қоғам алдындағы жауапкершілігі әсерлі түрде ашылды.

Қойылымнан кейін аудан әкімі шығармашылық ұжымға алғыс білдіріп, ұстаз мәртебесін көтеруге бағытталған, тәрбиелік мәні зор осындай қойылымдардың қоғам үшін маңызы жоғары екенін атап өтті.

Қойылым соңында халық театрының өнерпаздары көрермендердің ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленді.

Айта кетейік, қойылым режиссері Бақыткелді Надиров болса, суретшісі — Ануза Жақсыбаева. Басты кейіпкер Айдана Айдарбекқызы (мұғалім) ролінде Айнұр Ахметдиярқызы ойнады.

Фото: Қазалы қалалық мәдениет үйі 

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *