Қызылордада Қажымұқан Мұңайтпасұлына арналған республикалық турнир басталды
Қызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешенінде қазақ күресінен 2006–2008 жылдары туған жасөспірімдер арасында Қажымұқан Мұңайтпасұлын еске алуға арналған республикалық ашық турнирдің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Биыл дәстүрлі дода 14-ші рет ұйымдастырылып отыр. Турнирдің басты мақсаты – жасөспірімдер арасында қазақ күресін дамыту, ұлттық спортты насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және тарихи тұлғалардың өнегесін жас ұрпаққа үлгі ету.
Жарыс бірнеше салмақ дәрежесі бойынша өткізілуде. Турнирге еліміздің әр өңірінен келген 9 команда, 200 спортшы қатысуда. Спортшыларды қолдауға арнайы Қажымұқан Мұңайтпасұлының немересі Нұрлан Айдарұлы келді.
Айта кету керек, жеңімпаздарға ҚР-ның спорт шеберіне кандидат атағы беріледі. Сондай ақ, қала әкімінің арнайы дипломдары мен медальдары және қаржылай сыйақылары табысталады.
Фото: Сыр спорты












