Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Қазавиақұтқару тікұшағының экипажы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы елді мекенінен жаңа туған сәбиді анасымен бірге облыс орталығына жедел жеткізу үшін санитарлық рейс орындады.

Ұшу барысында әуе кемесінде медициналық қызметкерлер болып, нәрестенің жағдайын тұрақты бақылауда ұстады.

Ұшқыштардың кәсібилігі мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында санитарлық рейс сәтті аяқталды. Сәби Қызылорда қаласындағы медициналық мекемеге жеткізіліп, мамандардың бақылауына берілді.

Фото: ТЖМ

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *