Иранда елдің жаңа Жоғарғы көшбасшысын сайлау үшін Сарапшылар кеңесі отырысы өтеді. Бұған дейін аятолла Әли Хаменеидің қаза болғаны мәлім болды.

Иран Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани Сарапшылар кеңесі жексенбі күні жиналып, Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысын сайлау жұмысын бастайтынын мәлімдеді.

«Иран Конституциясының 111-бабына сәйкес, Жоғарғы көшбасшы қаза тапқан жағдайда, Сарапшылар кеңесі мүмкіндігінше қысқа мерзімде жаңа Жоғарғы көшбасшыны сайлауға міндетті. Бүгін Сарапшылар кеңесі жиналып, өз жұмысын бастайды», — деді ол халыққа жолдауында.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желідегі жазбасында Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи қайтыс болғанын мәлімдеп, оны «тарихтағы ең зұлым адамдардың бірі» деп атаған еді.

Кейін Иранның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары елдің Жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеидің қазасын ресми түрде растады. Елде 40 күндік аза тұту жарияланды.

Көп ұзамай КСИР баспасөз қызметі жақын уақыттажауп ретінде  «Иран Қарулы күштері тарихындағы ең ауқымды шабуыл операциясы» басталатынын хабарлады.

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *