Ауылдық жерлерде дәрігер тапшылығы 30 пайызға азайды
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылы 1 857 жас маман жұмыспен қамтылса, өткен жылы олардың саны 2 271-ге жеткен.
Жыл сайын мемлекет — бакалавриаттан докторантураға дейін 5 685 білім грантын бөледі. Мемлекеттік білім беру тапсырысы өңірлердің, ең алдымен ауылдық жерлер мен шағын қалалардың нақты қажеттілігін ескере отырып қалыптастырылады.
«Кадрларды бекіту үшін әлеуметтік қолдау шараларының кешені іске асырылып жатыр. Бұл тұрғын үйге жеңілдікті кредиттер, кемінде 5 жыл жұмыс істеген жағдайда ең төменгі жалақының 100 еселенген (8,5 млн теңге) мөлшерінде біржолғы төлем. 2024 жылы мұндай төлемді 254 маман, 2025 жылы — 529 медицина қызметкері алды. Жалпы, 2025 жылы 1 760 дәрігер әлеуметтік қолдау шарасын алды», делінген министрліктің хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, іске асырылған шаралар дәрігерлердің жалпы тапшылығын 20%-ға, ал ауылдық жерлерде — 30%-ға төмендетуге мүмкіндік берген.
Фото: freepik.com












