Қазақстанда әйелдер зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып белгіленген. Бұл туралы Әлеуметтік кодексте нақты жазылған. Ерлер үшін зейнеткер жасы 63 жас болып қалып отыр.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасы кезең-кезеңімен ұлғая бастайды:

• 2028 жылы – 61,5 жасқа толғанда;
• 2029 жылы – 62 жасқа толғанда;
• 2030 жылы – 62,5 жасқа толғанда;
• 2031 жылы – 63 жасқа толғанда.

Яғни 2031 жылдан бастап, әйелдер мен ерлердің зейнеткерлік жасы теңесіп, екеуіне де 63 жас қолданылады.

Министрлік бұл кезеңдік арттырудың зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын сақтау мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті.

Коллаж: БАҚ.КЗ.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *