Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында көмір саласының ел экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігі үшін маңызы зор екенін мәлімдеді.

Көмір өнеркәсібінің еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі үшін негізгі мәні бар. Қазақстанда көмірдің айтарлықтай қоры бар және ол бойынша әлемде 10-шы орында. Қазіргі кездегідей өндіру көлемі болған жағдайда, көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді. Көмірдің ірі кен орындары Орталық Қазақстанда орналасқан Қарағанды көмір бассейні, Торғай көмір бассейні, Шұбаркөл, Жалын кен орындары. Солтүстік-Шығыс өңірі: Екібастұз көмір бассейні, Майкүбі көмір бассейні, Қаражыра кен орны. Еліміздегі көмір қоры 33,6 млрд тоннаға жетеді, – дейді Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.

Оның айтуынша, салада өндіріс көлемі өсіп, ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз ету және экспортты ұлғайту бағытында жұмыстар жалғасып жатыр.

Сала ішкі нарықты тұрақты жабдықтауды және экспорттық жеткізілімдерді ұлғайтуды қамтамасыз ете отырып, көмір өндірісінің өсуін көрсетуде, – деді министр.

Министр өндірілетін көмірдің басым бөлігі ішкі қажеттілікке жұмсалатынын атап өтті.

Өндірілетін көмірдің негізгі бөлігі ішкі нарыққа жіберіледі және электр энергетикасында, коммуналдық-тұрмыстық сектор мен өнеркәсіпте пайдаланылады. Көмір экспорттау деңгейі сақталуда, – деді Ерлан Ақкенженов.

Сондай-ақ 2025 жылғы көрсеткіштерге тоқталды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша көмір өндіру шамамен 115,9 млн тонна болды немесе 2024 жылмен салыстырғанда 7%-ға өсті. Коммуналдық-тұрмыстық мақсаттарға және ішкі тұтынуға 85,9 млн тонна пайдаланылды, ал көмір экспорттау 30 млн тоннаға жетті. Көмір экспорттаудың негізгі бағыттары: Ресей Федерациясы; Польша; Өзбекстан; Түркия; Үндістан және Малайзия және т.б, – деді министр.

Министрдің мәліметінше, алдағы жылы өндіріс көлемі арта түседі.

2026 жылы 128,9 млн тонна деңгейінде көмір өндіру жоспарланады, – деді ол.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *