Арал қаласы аумағында «Арал теңізі күніне» орай кең ауқымды мәдени-спорттық және ғылыми іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Іс-шаралар «Руханият» орталығында өткен марапаттау рәсімімен бастау алды. Онда сурет салу, бейнеролик байқаулары мен шахмат турнирінің жеңімпаздары анықталып, арнайы марапаттарға ие болды. Сонымен қатар, экологиялық акция аясында қала аумағында көшет отырғызу жұмыстары жүргізілді. Күннің екінші бөлігінде оқушылар арасында ұйымдастырылған «Aral Cup» футбол турнирінің финалдық кезеңі өтіп, үздік командалар марапатталды.

Мерекелік бағдарлама аясында «Арал өңіріндегі климаттың өзгеруінің қазіргі жағдайындағы туризмді, ғылымды және технологияларды дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық сарапшылар мен сала мамандары қатысып, өңірдің өзекті мәселелерін жан-жақты талқылады.

Кездесу барысында климаттың өзгеруіне бейімделу, экологиялық ахуалды жақсарту, су және жер ресурстарын тиімді пайдалану, сондай-ақ аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін заманауи технологияларды енгізу бағыттары кеңінен сөз болды.

Ұйымдастырылған іс-шаралардың негізгі мақсаты – Арал теңізі өңіріндегі экологиялық мәселелерге қоғам назарын аудару, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау.

Фото: ұйымдастырушы топ

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *