Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар жүйесінде «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде айтты.
«Мемлекеттік наградалар жүйесінде лайықты орын алатын «Әл-Фараби» орденін тағайындау қажет деп санаймын. Бұл жоғары марапат білім мен ғылым, мәдениет және рухани өмір саласында елеулі жетістікке жеткен азаматтарға беріледі», – деді президент.
Сонымен қатар, ол биыл Республика күніне орай алғаш рет «Мейірім», «Қожа Ахмет Ясауи» және «Әл-Фараби» ордендері табысталатынын айтты.
Фото: Ақорда












