Мемлекеттің білім саласына деген қолдаудың арқасында Қызылорда облысының мектеп бітіруші түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуде алда тұр. Олар кейінгі екі жыл қатарынан республикада үздік атанған, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Сыр елінің шәкірттері жоғары білім алуға бөлінген мемлекеттік грантты иемдену бойынша да республикада бірінші орынға шықты. Бұдан бөлек, Worldskills Kazakhstan–X республикалық чемпионатында қызылордалық жастар 1 күміс, 5 қола медаль және 5 үздік маман медальонын иеленген. Сондай-ақ «Математикалық регата – 2025» республикалық байқауында облыс командасы бірінші орынды жеңіп алған еді.

Былтыр қызылордалық ұстаздар да «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері», «Мектепке дейінгі ұйымының үздік педагогі», «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы», «Үздік авторлық бағдарлама», «Дарынды балаларға – талантты ұстаз», «Педагогика­лық идеялар фестивалі», «Математикалық регата», «Үздік педагог – 2025» аталымдары бойынша республикалық конкурстарда жоғарғы орындардан көрінген.

Фото: Н.Нұржаубай

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *