Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтті
Алматыда қазақ ақыны, драматург, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтті. Анығын айтсақ, ақынды ақтық сапарға шығарып салу сәті Абай атындағы Опера және балет театрында ұйымдастырылды.

Президент тапсырмасымен Сенат Төрағасы арнайы келді, сондай-ақ Қырғызстан президентінің кеңесшісі де қатысты. Одан бөлек, өнер өкілдері, қоғам қайраткерлері, қалың қараша қатысты.
Азалы жиында ақын Арыстан баб кесенесінің маңы емес, Отырар ауданындағы «Қоғам» ауылдық зиратында жерленетін хабарланды Ал жерлеу рәсімі 22 сәуірде өтеді.













